Қазақстандық делегациясының КОПУОС Ғылыми-техникалық кіші комитетінің 63-сессиясына қатысуы туралы

Қазақстандық делегациясының КОПУОС Ғылыми-техникалық кіші комитетінің 63-сессиясына қатысуы туралы

10.02.2026 15:33:31 90

Вена, 2026 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің (КОПУОС) Ғылыми-техникалық кіші комитетінің (ҒТКК) 63-сессиясына қатысты.

Сессия аясында В.Фесенков ат. Астрофизикалық институттың директоры Шыңғыс Омаров Қазақстанның ғарыштық жағдайдан хабардар болу (SSA – Space Situational Awareness) саласындағы қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктері туралы презентация жасап, Жерге таяу ғарыш кеңістігінe бақылау жүргізу және ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде Ш.Омаров Біріккен Араб Әмірліктерінің Ғарыш агенттігі (UAE Space Agency) өкілдерімен кездесу өткізді. Онда тараптар ғарыш саласындағы ғылыми және қолданбалы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде ғарыштық зерттеулер, деректер мен технологиялар алмасу және SSA саласындағы ықтимал бірлескен бастамалар мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қазақстандық тараптың ҒТКК КОПУОС жұмысына қатысуы Қазақстан Республикасының ғарыш саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділігін және ғарыш қызметінің қауіпсіздігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосып отырған үлесін растайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1158429?lang=kk