Алматыда Италиямен мәдениеттік ынтымақтастық талқыланды

Алматыда Италиямен мәдениеттік ынтымақтастық талқыланды

10.02.2026 18:34:09 191

2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Италия мәдениет институтының директоры - Италияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Кризафулли Эдоардомен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы мәдениеттік байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Э.Кризафулли алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1158750?lang=kk