Жаңа мәртебе мен жаңа көкжиектер: Есік қаласының № 1 перинаталдық орталығының айрықша қызметі айқындалды
11.02.2026 15:01:56 130
Еңбекшіқазақ ауданының денсаулық сақтау жүйесінде маңызды басқару оқиғасы орын алып отыр, атап айтар болсақ Есік қаласының № 1 перинаталдық орталығы дербес медициналық ұйым ретінде ресми түрде жұмысын бастады. Осы кезеңге дейін аталған орталық Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының құрамында қызмет көрсетіп келген, ал жеке мәртебе алу босандыру қызметін қайта ұйымдастырудың және оның өңірлік денсаулық сақтау жүйесіндегі институционалдық рөлін арттырудың маңызды кезеңі болып табылады.
Ресми шара барысында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов Есік қаласының № 1 Перинаталдық орталығының жаңа директоры Дәурен Жұмазыұлы Иманалиевті ұжымға таныстырды.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері перинаталдық орталықты дербес құрылымға бөлінуі нәтижесінде ана мен бала денсаулығын жақсарту мен өлім-жітімге жол бермеу мен көрсеткіштерін бақылауды күшейтуге, босандыру қызметін басқарудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды неғұрлым ұтымды пайдалануға бағытталған стратегиялық басқару шешімі болып табылатынын атап өтті.
Дәурен Жұмазыұлы Иманалиев мамандандырылған медициналық көмекті дамыту, акушерлік пен неонатология жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және дербес мекеме ретінде медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасын дәйекті нығайту міндеттері айқындалған жетекші ретінде таныстырылды.
Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары үшін орталықтың жаңа мәртебесі - әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, жүктілік пен босану кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерді күту кезіндегі мәселелерді жүзеге асыру үшін медициналық, кадрлық және ұйымдастырушылық ресурстарды шоғырландыру қажеттілігі.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы № 1 Перинаталдық орталықтың дербес түрде қызмет атқаруы аналарды босандыру қызметін одан әрі дамытуға жаңа серпін беретіндігіне және Есік қаласының базасында орналасуы өңірдегі жетекші мамандармен мамандандырылған орталығын құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1159216?lang=kk