Солтүстік Қазақстан облысында 6 жәрмеңке өтті
11.02.2026 16:47:48 111
Петропавл қаласында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен апта сайын тұрақты негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Жәрмеңкелер әр сенбі күні қаланың үш базарында «Алтын Арман», «Қызылжар Ақбастау» және «Дария» базарларында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкелер аясында тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерінің 25-ке жуық түрі ұсынылады. Оның ішінде сиыр еті, шошқа еті, қой еті, құс еті, сүт өнімдері, картоп, көкөністер, ара шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдері бар.
Жәрмеңкелерге негізгі өнім түрлері бойынша ұсынылатын бағалар бекітілген. Атап айтқанда, жылқы еті 2800 тг/кг бағамен сатылуда. Сиыр етінің орташа бағасы 2900 тг/кг (артқы бөлігі — 3200 тг, қабырға — 2700 тг, жотасы — 2800 тг, жауырын — 3000 тг, төс еті — 2800 тг). Шошқа етінің орташа бағасы 1900 тг/кг (жота — 2000 тг, артқы бөлігі — 2100 тг, жауырын — 1900 тг, корейка мен қабырға — 1700 тг). Қой етінің орташа бағасы 2500 тг/кг (артқы бөлігі — 2900 тг, қабырға — 2100 тг). Көкөністердің бағасы 100 тг/кг деңгейінде белгіленген (картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз), бал — 2100 тг/кг, балық (мөңке) — 300 тг/кг бағамен ұсынылды.
2026 жылғы 7 ақпанда Петропавл қаласында облыстың 6 ауданының — Айыртау, Тайынша, Шал ақын, Аққайың, Қызылжар және М. Жұмабаев атындағы ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында келесі өнім түрлері ұсынылды: 4 сиыр еті тұшасы, 1 шошқа еті тұшасы, 13 қой еті тұшасы, 378 кг құс еті, 2052 кг сүт өнімдері, 160 кг бал, 437 кг картоп, 100 кг сәбіз бен қызылша, 55 кг қырыққабат, 25 кг пияз, 90 кг балық, сондай-ақ 4010 дана жұмыртқа. Жалпы жәрмеңкеде 4847 кг өнім сатылып, жалпы сомасы 7,7 млн теңгені құрады.
Жылдың басынан бері Петропавл қаласының базарларында 15 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жыл басынан бері жалпы өткізу көлемі 36,3 млн теңгені құрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1159452?lang=kk