Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде
11.02.2026 16:47:54 119
7 ақпан Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде -«Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның, Қызылорда қаласында орналасқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Таңғы сағат 09:00-де басталған жәрмеңкеде аудан еңбеккерлері өндірген табиғи әрі сапалы өнімдер қала тұрғындарына базар бағасынан 15-30 пайызға төмен бағамен ұсынылды.
Жәрмеңкеге 43 тарта кәсіпкерлік субъектісі мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Жәрменкеде тұрғындар үшін 35 тоннадан астам өнімдер әкелінсе, оның ішінде тұрақтандыру қорынан 15 тоннадан астап өнімдер ұсынылды.Атап айтқанда, 8 тоннадан астам күріш, 15 тонна картоп, 5 тонна, сәбіз, 3 тонна пияз, 2 тонна ұн, 2 тонна қырыққабат, 0,5 тонна балық, 2 тонна ет, 3тонна көкөніс және 0,4 тонна бал өнімдері қолжетімді бағада сатылды.
Жәрменкеде :күріш - 230 тг/кг, ұн 160 тг/кг,сиыр еті - 2600 тг/кг, картоп – 160 тг/кг, сәбіз – 135тг/кг, пияз – 126 тг/кг, қырыққабат - 130 тг/кг, балық – 1300 тг/кг сатылды.
Сонымен қатар, жәрмеңке алаңында санитарлық талаптар сақталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1159418?lang=kk