Қазақстан Президенті пәкістандық The News Pakistan басылымына сұхбат берді
11.02.2026 17:13:33 109
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 ақпанда The News Pakistan басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастың негізгі тіректері ретінде өзара байланыстылық пен экономикалық ынтымақтастықты атап өтті. Ол сауда көлемін ұлғайту, көлік дәліздерін дамыту және өңірлік тұрақтылықты нығайтудың маңызын ерекше атап көрсетті.
Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы серіктестік барған сайын нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуда.
Қазақстан стратегиялық маңызы бар Қазақстан–Түрікменстан–Ауғанстан–Пәкістан көлік дәлізін дамытуға қатысуға дайын. Аталған бағыт Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстырып, сауда ағындарын арттыруға, сондай-ақ екі елдің өңірлік көлік желілеріндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қ.Тоқаев Қазақстандағы ішкі жаңғыру үдерісіне тоқталып, жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды неғұрлым теңгерімді әрі есеп беретін саяси жүйе қалыптастыруға бағытталған кешенді өзгерістердің бір бөлігі ретінде сипаттады.
«Қазақстан суперпрезиденттік модельден бас тартып, ықпалды парламентке және есеп беретін үкіметке сүйенетін, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі орныққан президенттік республикаға көшті», – деді Президент.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1159509?lang=kk