ҚР Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Алмаз Тасболат Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігінің Дубайдағы кеңсесі директорының орынбасары Рашид Абдулла Аль Касирмен кездесті.
11.02.2026 20:55:52 184
ҚР Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Алмаз Тасболат Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігінің Дубайдағы кеңсесі директорының орынбасары Рашид Абдулла Аль Касирмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимыл және консулдық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР азаматтарының БАӘ аумағындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылды.
Қазақстан тарапы БАӘ, атап айтқанда Дубай қаласы, Қазақстан азаматтары үшін маңызды туристік және іскерлік бағыттардың бірі екенін атап өтті. Туристік ағынның артуына байланысты екі елдің құзыретті органдары арасындағы үйлестіруді одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Өз кезегінде, эмираттық тарап Қазақстан Республикасымен достық және стратегиялық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, елдің тұрақты дамуы мен екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларда кеңеюін жоғары бағалады.
Тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/1159693?lang=kk