Белградта халықаралық қауіпсіздік мәселелері саласындағы ынтымақтастық талқыланды
12.02.2026 08:14:30 173
Белград, 2026 жылғы 11 ақпан – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Сыртқы істер министрінің халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін көмекшісі Милош Йончичпен кездесу өткізді.
Тараптар екі ел арасындағы саяси байланыстардың белсенді серпінін және жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған дипломатиялық бастамаларға өзара қолдауды атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың кең ауқымы бойынша екіжақты жобалардың белсенді ілгерілеуіне қанағаттанушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты деңгейде тығыз диалог пен консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1159724?lang=kk