2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер: ЖТС және әлеуметтік салық бойынша маңыздысы
12.02.2026 10:25:53 179
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша маңызды өзгерістер күшіне енеді. Ең бастысы ⬇️
🔹 ЖТС: прогрессивті мөлшерлеме енгізіледі
Енді мөлшерлеме табыс деңгейіне байланысты болады:
▪️ 8 500 АЕК-ке дейінгі табыс — 10%
▪️ 8 500 АЕК-тен жоғары — 15% (тек асқан бөлігіне)
👉 Табыс жоғары болған сайын салық мөлшері де артады. Бұл салық салудың әділ жүйесіне көшу қадамы.
🔹 Жеке тұлғаларға арналған салықтық шегерімдер
Жеке тұлғалар төмендегі шегерімдерді қолдана алады:
✔️ Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар)
✔️ Негізгі шегерім — айына 30 АЕК, бірақ жылына 360 АЕК-тен аспайды
✔️ Әлеуметтік санаттарға арналған қосымша шегерімдер:
мүгедектігі бар адамдар
мүгедек балалары бар ата-аналар мен қамқоршылар
ҰОС және жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері
асырап алушылар, қабылдаушы ата-аналар және т.б.
❗ Негізгі шегерім тек бір салық агенті арқылы және қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.
🔹 Әлеуметтік салық: жаңа тәсілдер
📍 Салық салу объектісі — жұмыс берушінің қызметкерлер табысы бойынша шығыстары
📍 Объектіден МЗЖ, МӘМС жарналары және Салық кодексінде көзделген кейбір табыстар алынып тасталады
📊 Әлеуметтік салық мөлшерлемелері:
▪️ 6% — жалпы мөлшерлеме (әлеуметтік аударымдарға байланыссыз)
▪️ 1,8% — ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өз өнімін қайта өңдеу үшін
👤 ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар
Өзі үшін — 2 АЕК
Әр қызметкер үшін — 1 АЕК
🌾 Шаруа қожалықтары (ШҚ)
Өзі үшін — 0,6 АЕК
Әр қызметкер үшін — 0,3 АЕК
📎 Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Табыс пен салық жүктемесін жоспарлау кезінде осы нормаларды ескеру маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1159871?lang=kk