Қазақстан Елшісі ACCCIM-пен сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан Елшісі ACCCIM-пен сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

12.02.2026 12:12:39 166

Қазақстанның Елшісі Болат Сүгірбаев Малайзияның Қытай сауда-өнеркәсіп палаталары қауымдастығының (ACCCIM) Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық сауда және көрмелер комитетінің төрағасы Ир. Тер Леонг Ленгпен кездесті.

Кездесу барысында Елші еліміздің бизнес ахуалы мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып, ACCCIM өкілдерін Қазақстанда бизнес жүргізу перспективаларымен танысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанға сауда-инвестициялық миссияның сапарын ұйымдастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1160016?lang=kk