Алматы GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan – цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы жылдың басты іс-шарасын өткізеді
12.02.2026 14:47:13 144
GITEX, әлемдегі ең ірі технологиялық және стартап-іс-шаралар желісі 2026 жылы 4–5 мамыр аралығында Алматы қаласында өтетін GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan іс-шарасының өтетінін жариялайды. Жаңа алаңның таңдалуы сауда, өнеркәсіптік өндіріс, корпоративтік сектор мен инновациялар шоғырланған өңірдің негізгі іскерлік және инновациялық орталығы ретіндегі Алматының рөлін айқындайды.
Іс-шара Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтеді. GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan еліміздің әлемдегі жетекші технологиялық экожүйелер қатарындағы орнын нығайтуға ұмтылысын көрсетіп, технологиялық жобаларға экспорттың өсуін, әріптестіктерді дамытуды және инвестициялар тартуды қолдайды.
Іс-шара GITEX-тің жаһандық ұйымдастырушысы inD компаниясымен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Astana Hub және Алматы қаласының әкімдігімен серіктестікте өтеді. GITEX Ai CENTRAL ASIA & CAUCASUS Kazakhstan мемлекеттік органдардың өкілдерін, технологиялық компанияларды, ЖИ, бұлтты және деректер инфрақұрылымы саласындағы көшбасшыларды, финтех-инноваторларды және өңірдің болашағы зор стартаптарын біріктіріп, Орталық Азия мен Кавказды бәсекеге қабілетті цифрлық хабқа айналдыру үдерісін жеделдетуге бағытталады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев:
«GITEX-тің Алматыда өтуі Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылар, стартаптар мен инвестициялар үшін тартымды орталыққа айналып келе жатқанын растайды. Бұл біз үшін жай ғана ауқымды іс-шара емес, цифрлық трансформацияны және ЖИ-ді экономика мен мемлекеттік басқаруға енгізуді жеделдететін тәжірибелік құралдардың бірі. «Біздің міндетіміз – осы серпіннің нақты нәтижеге айналуын қамтамасыз ету, шешімдерді нарыққа жедел шығару, өнімділікті арттыру және бүкіл өңір бойынша адамдар мен бизнеске жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру», – деп атап өтті.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды:
«GITEX-ті Алматыда өткізу арқылы біз қаланың Орталық Азиядағы инновация, сауда және кәсіпкерлік саласындағы негізгі орталықтардың бірі ретіндегі позициясын күшейтеміз. Алдыңғы қатарлы технология жергілікті деңгейде дамыған сайын, оларды жаһандық нарықтарға экспорттау жөніндегі ұлттық мақсатымыз да айқынырақ көрініс табып отыр» - деді.
GITEX-тің жаһандық ұйымдастырушысы inD компаниясының CEO-сы Трикси Ло Мирманд:
«Қазақстан мүмкіндіктерге және әлеуметтік-экономикалық әсерге негізделген цифрлық болашақты қалыптастыруда стратегиялық тәсіл танытып отыр. Алматы - осы көзқарасты іске асыру үшін қажет кәсіпкерлік энергия мен инновациялық әлеует тоғысқан нүкте. Алматыдағы GITEX әлемге Орталық Азия мен Кавказдағы ауқымды индустриялық және технологиялық серпілісті бақылап қана қоймай, осы үдерісті қалыптастыруға белсенді қатысуға мүмкіндік береді».
Елдің инновациялық орталығын күшейту жолындағы стратегиялық қадам
Алматыға негізгі технологиялық ойыншыларды тарту Қазақстанның ұлттық цифрлық стратегиясына сәйкес келеді және қаланың инновациялық орталық ретінде қарқынды өсіп келе жатқанын көрсетеді. Алматыда 1 500-ден астам стартап орналасқан, елдегі венчурлық капиталдың 50%-ы осы қалада шоғырланған, сондай-ақ жақын арада әлемдік деңгейдегі халықаралық ғылыми-технологиялық институт – Qazaqstan Advanced Institute of Science and Technology (QAIST) ашылады. Осындай жағдайда GITEX Орталық Азиядағы жаңа буын цифрлық экономикасын қалыптастырып жатқан компаниялармен, стартаптармен, инвесторлармен және зерттеу орталықтарымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Жаһандық технологиялық және инвестициялық іс-шаралар желісінің жаңа тірек алаңы
Орталық Азия мен Кавказ жедел цифрландыру, стартап-экожүйелердің жетілуі және болашаққа бағдарланған трансформация стратегияларын іске асыру аясында ауқымды технологиялық өзгерістер кезеңінен өтуде. Осы тұрғыда Қазақстан өңірлік көшбасшы ретінде ерекшеленеді: мұнда Орталық Азиядағы ең ірі ауқымды деректер орталығы орналасқан, мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы цифрлық форматқа көшірілген, сондай-ақ alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын қосқанда бірқатар флагмандық бастама жүзеге асырылып жатыр.
GITEX-тің Қазақстанда пайда болуы осы цифрлық жолдағы маңызды кезеңге айналады. Іс-шараның Алматыда өтуі қаланы Орталық Азия мен Кавказды Абу-Даби, Дубай, Бразилия, Германия, Үндістан, Кения, Марокко, Нигерия, Сербия, Сингапур, Түркия және Вьетнам сияқты негізгі халықаралық нарықтармен байланыстыратын GITEX-тің жаһандық желісінің өңірлік тірек нүктесіне айналдырады.
Толық ақпарат: https://shorturl.at/Ejl2C
Стендті қазір брондаңыз: https://shorturl.at/X5D5d
Қатысу үшін тіркелу: https://shorturl.at/ifrK1
Іс-шараның брошюрасын жүктеу: https://shorturl.at/xXaNG
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1160158?lang=kk