Сарыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу

Сарыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу

12.02.2026 14:53:05 168

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылында округ әкімі Жазиев Мақсат Өмірғалиұлының тұрғындармен бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуі өтті. Кездесу ашық форматта өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ортаға салды. Жиын барысында ең алдымен ауыз су мәселесі кеңінен талқыланды. Тұрғындар су сапасы мен тұрақтылығы жөнінде сұрақтарын қойып, нақты шешу жолдарын қарастыруды сұрады. Сонымен қатар көше жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Ауыл ішіндегі кейбір көшелерде жарықтың жеткіліксіздігі тұрғындардың қауіпсіздігіне әсер ететіндігі айтылды. Осыған байланысты қосымша жарық шамдарын орнату және істен шыққандарын ауыстыру мәселесі көтерілді. Округ әкімі барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті сала мамандарымен бірлесіп нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жоспарға енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады. Мұндай кездесулер – билік пен халық арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңы. Өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, ортақ шешім табу – ауылдың дамуына жасалған нақты қадам. 🤝

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qonaev-shengeldi/press/news/details/1160180?lang=kk