ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тасымалдарды қадағалау енгізіледі

ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тасымалдарды қадағалау енгізіледі

12.02.2026 18:16:06 159

2026 жылғы 11 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау жүйесі енгізілді. Тиісті шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы 2025 жылғы 23 қыркүйекте № 84 қабылдады.

Қадағалау ЕАЭО-ға мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумағы бойынша өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын болады.

Жүйені енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады және кедендік транзит пен экспорттың кедендік рәсімдері кезінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде автомобиль және темір жол көлігімен тасымалдауды қозғайтын болады.

Навигациялық пломбаларды қолдану сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға бірқатар елеулі артықшылықтар береді: бақылаушы органдар тарапынан артық тексерулер мен қосымша бақылау шараларының саны азаяды, жүкті барлық жүру маршрутында рұқсатсыз ашудан қорғау қамтамасыз етіледі, тасымалдау процесін басқару барлық ЕАЭО мүше мемлекеттер операторларының қызметтеріне бірыңғай ақы төлеу мүмкіндігін қоса алғанда, ұлттық оператордың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинет" арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет үшін навигациялық пломбаларды енгізу "көлеңкелі" экономикаға қарсы іс-қимылдың, "жалған транзит" және "жалған экспорт" схемаларының жолын кесудің, адал бәсекелестікті және ел бюджетіне салық төлемдерінің тұрақты түсуін қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасында тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС анықталды (ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 731 қаулысы). Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарымен және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің операторларымен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті.

Логистикалық процестердің үздіксіздігін және тасымалдаудың белгіленген мерзімдерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бизнес өкілдеріне, оның ішінде тасымалдаушылар, экспедиторлар және тасымалдау процесінің өзге де қатысушылары ЕАЭО және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға тиіс.

Қосымша ақпаратты Ұлттық оператор – "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЖШС-нен алуға болады. Ұлттық оператордың байланыс деректері:

Call-орталығы:

+7 708 297 6132; +7 777 110 5985;  +7(727)3903488 (ішкі 331); (727)2217795 (ішкі 331).

Электрондық пошта:

Info@istt.kz; mail.istt.kz/SOGo; transit@istt.kz.

Байланыс телефоны:

+7-705-159-96-80.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы басқармасы және Байланыс-орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1160577?lang=kk