Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның Антисемитизмге қарсы күрес жөніндегі конференциясында дінаралық диалог пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлін атап өтті

Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның Антисемитизмге қарсы күрес жөніндегі конференциясында дінаралық диалог пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлін атап өтті

12.02.2026 20:31:09 137

Сент-Галлен, 2026 жылғы 9-10 ақпан. Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігінің өкілі Санкт-Галлен қаласында Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы Іс басындағы төрағалығы ұйымдастырған Антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы күрес жөніндегі конференцияға қатысты. Іс-шараға қатысушы мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның өкілдері кемсітушілікке, экстремизмге және діни жеккөрушілік көріністеріне қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу үшін бас қосты.

Конференция барысында Швейцарияның Сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Игнацио Кассис бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ортақ болашағын құру «күнделікті міндет» екенін атап өтіп, жеккөрушілік пен төзімсіздікке қарсы күресте «естеліктен іс-әрекетке» көшуге шақырды.

Қазақстан делегациясы өз сөзінде елдің төзімділік, өзара құрмет және конфессияаралық келісім қағидаттарына бейімділігін растап, 2025 жылғы қыркүйек айында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің конфессияаралық диалогты нығайтудың бірегей халықаралық платформасы ретіндегі ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың аясында ұлттық диалогтың жаңа институты - Қазақстан Халық Кеңесі құрылып жатқаны атап өтіліп, ол заң шығару бастамасы құқығымен және этникалық топтардың кеңейтілген өкілдігімен ең жоғары консультативтік органға айналады. Бұл тетік қоғамдық келісім мен инклюзивтілікті одан әрі нығайтуға бағытталған.

Қазақ дипломаты дінаралық диалогты дамыту, білім беру, құрмет мәдениетін нығайту және тарихи естелікті, оның ішінде Холокостты еске алуды сақтау антисемитизмге және басқа да төзімсіздік түрлеріне қарсы күрестегі негізгі құралдар екенін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1160695?lang=kk