Онлайн домбыра үйірмесіне тіркелу ашылды
13.02.2026 08:09:29 129
«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын барша отандастарымызды және этникалық қазақтарды онлайн форматтағы тегін домбыра үйірмесіне қатысуға шақырады.
Үйірме ерекшеліктері:
- Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар;
- Ұзақтығы 3 айлық қарқынды модуль (Бастауыш және Озық топтар);
- Кәсіби ұстаздан тікелей тәлім алу;
- Үйірмені сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.
Маңызды талап: Әрбір қатысушының жеке домбыра аспабы болуы міндетті.
Оқу процесі: Тіркелген қатысушылар деңгейлеріне қарай топтарға бөлініп, сабақтар 2026 жылғы наурыз айынан басталады. Нақты сабақ кестесі қатысушыларға қосымша хабарланады.
Орын саны шектеулі. Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру қажет:
Толық ақпарат алу үшін:
WhatsApp: +7 700 671 90 33 (Марал)
+7 705 664 72 11 (Жандос)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1160708?lang=kk