ҰЭМ мен ЕҚДБ инвестиция тартудың жаңа құралы арқылы орта бизнесті қолдауды күшейтуде
13.02.2026 10:46:14 159
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі арасында Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларын үйлестіру комитетінің жыл сайынғы XIII отырысы өткізілді.
Отырыс жұмысына Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев қатысты. Өз сөзінде ол 2013 жылдан бастап ынтымақтастық шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға, консультациялық қолдауды күшейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға арналған бағдарламалар дәйекті түрде іске асырылатынын атап өтті. Осы кезеңде 2,7 мыңнан астам консалтингтік жоба қаржыландырылып, 300-ден астам оқыту іс-шарасы өткізілген. Қолдаудың арқасында 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, кәсіпорындардың 17% - ы жобаларды іске асырғаннан кейін бір жарым жыл ішінде ірі бизнес сегментіне көшті.
2025 жылғы 20 қаңтарда Министрлік ЕҚДБ-мен бағдарламаны 2030 жылға дейін ұзарту туралы қосымша келісімге қол қойды.
"Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен ынтымақтастық шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды құралы болып қала береді. Бағдарламаны 2030 жылға дейін ұзарту өзара сенім мен одан арғы нәтижелерге бағытталғандығын растайды. Біз іске асырылып жатқан жобалардың нақты әсерін көріп отырмыз. Ол жаңа жұмыс орындары, компаниялардың өсуі және олардың нарықтағы позицияларының нығаюы", - деп атап өтті Ерлан Сағынаев.
Табысты іске асыруды ескере отырып, одан әрі өсу әлеуеті бар компанияларға бағдарланған "Орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру" атты қолдаудың жаңа бағытын іске қосу туралы шешім қабылданды.
ЕҚДБ-ның Орталық Азия мен Моңғолиядағы консультациялық қызметтер бағдарламасының басшысы Симоне Зе Атанасовски бүгінде өз саласында көшбасшы болып табылатын және Қазақстанда одан әрі өсуге ниетті инвестициялық әлеуетті арттыру жобасы шеңберінде орта кәсіпорындарды қолдауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Іс - шара барысында бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлермен ашық диалог жүргізілді. Бизнес өкілдері экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтудегі, өнеркәсіптік секторды дамытудағы және инновациялық жобаларды іске асырудағы мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1160921?lang=kk