2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы демографиялық жағдай туралы

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы демографиялық жағдай туралы

13.02.2026 18:15:49 132

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Абай облысының халық саны 595,7 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 374,5 мың адам (62,9%), ауыл тұрғындары – 221,2 мың адам (37,1%). 2025 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 5,5 мың адамға немесе 0,9%-ға азайды.

Халықтың табиғи қозғалысы

Абай облысы бойынша 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында халықтың табиғи өсімі 2730 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанға (4081 адам) салыстырғанда 33,1%-ға аз. Халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,56 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында туғандар саны 8105 адамды құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (9521 адам) 14,9%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,53 туғанды құрады.

Есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 5375 адамды құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанға (5440 адам) салыстырғанда 1,2%-ға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,97 қайтыс болғанды құрады.

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыста 1 жасқа дейінгі 45 сәби өлімі тіркелді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (71 сәби) 36,6%-ға азайды. Сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 5,55 жағдайды құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызмет органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облысқа келгендер саны – 30569 адам, облыстан кеткендер саны – 40455 адам болды. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 9886 адамдық теріс сальдо қалыптасты.

Негізгі сыртқы көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендер саны – 116 адам немесе жалпы мигранттардың 66,3%-ы, кеткендер – 179 адам немесе 87,3%-ы. Келгендер мен кеткендердің негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі.

Алыс шетелдермен көші-қон бойынша оң сальдо қалыптасты, облысқа 59 адам келді, 26 адам кетті. Келгендердің негізгі бөлігі Қытайға, ал кеткендердің негізгі бөлігі Германияға тиесілі.

Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны – 13023 адам, кеткендер – 22879 адам, теріс сальдо – 9856 адамды құрады.

_________________________________________________________________________________________________________________

Әдіснамалық түсіндірмелер

Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы  айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.

Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа  шаққанда есептеледі.

Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.

Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға  есептелінеді.

Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың)  орын ауыстыруы.

Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.

Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.

Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.

 

www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика

Әлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің  басшысы:

С.А. Кондратьева

Тел. +7 7222 36-25-49

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1161646?lang=kk