2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша негізгі өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша негізгі өзгерістер

16.02.2026 11:22:08 124

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өзгерістер күшіне енеді.

КТС мөлшерлемелері:

  • Негізгі мөлшерлеме — 20% (өзгеріссіз).

  • Төмендетілген мөлшерлемелер:

  • ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және аквакультура — 3% (бұрын 10%);
  • ауыл шаруашылығы кооперативтері — 6% (бұрын 10%);
  • әлеуметтік сала ұйымдары (КЕҰ-дан басқа) — 2026 ж. 5%, 2027 ж. 10%.
  • Жоғарылатылған мөлшерлемелер:

  • банктік қызмет (кәсіпкерлікті кредиттеуден басқа) — 25%;
  • ойын бизнесі — 25%.

Аванстық төлемдер:

  • I тоқсан бойынша аванстарды салық органдары есептейді.

  • Төлеу — өткен кезең сомасының ай сайын 1/12 бөлігі мөлшерінде.

  • Аванстан босату үшін жылдық табыс шегі 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (бұрын 325 000 АЕК).

  • Жекелеген санаттар босатылады (құрлықтағы газ жобалары, КЕҰ, мүгедектігі бар адамдар ұйымдары — шарттарды сақтаған жағдайда).

  • Цифрлық активтер саласындағы салық төлеушілер аванс төлеушілер болып табылады.

Қосымша:

  • Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын тұлғалардан алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар шегерімге жатқызылмайды.

  • Мүгедектігі бар адамдар ұйымдары үшін КТС-ты 50% немесе 100%

азайту қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1162268?lang=kk