Бағалаудың жаңа қағидалары Қазақстанға инвестицияларды қалай арттырады
27.02.2026 18:16:03 155
Қазақстанда бағалау қызметі саласында маңызды өзгерістер дайындалуда. Қаржы министрлігі бағалау қызметі туралы заңнамаға бағалау қызметтерінің сапасын арттыруға, ЕАЭО кеңістігінде қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге тиіс түзетулерге бастамашылық жасады. Реформа не үшін қажет екені, нарықты қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны және олар елдің инвестициялық ахуалына қалай әсер ететіні туралы ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры Қалиева Анар Нұрдыбайқызы айтып берді.
- Бағалау қызметіндегі заңнаманы неге өзгертуіміз керек?
Бүгінде мүлікті бағалау сатып алу-сату мәмілелерінде, кредит беруде, инвестициялар мен сот процестерінде негізгі рөлдердің бірін атқарады. Сондықтан рәсімдердің барынша ашық, болжамды болуы және бизнестің де, азаматтардың да мүдделерін қорғауы маңызды.
Мәселен, 2021 жылғы 10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 23 шешімімен Қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдер (бұдан әрі – Жалпы тәсілдер) бекітілді.
Осы тәсілдерге сәйкес ЕАЭО-ның әрбір елі бағалау қызметі туралы өз заңнамасына өзгерістер енгізуге міндетті. Тараптар тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін ғана мүлікті бағалау бойынша Қызметтердің бірыңғай нарығын ашу жоспарлануда.
Осыған байланысты біз «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңға қазақстандық бағалаушылардың да, сол сияқты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің бағалаушыларының да ЕАЭО аясында мүлікті бағалау бойынша қызметтер көрсетуі бөлігінде өзгерістер енгізудеміз.
ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің бағалаушылары өз қызметін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында кедергісіз, алып қоюсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз жүзеге асыра алады.
Бұл біздің елімізде жүргізілген бағалау Одақтың басқа елдерінде де қайта рәсімдеу қажеттілігінсіз мойындалатынын білдіреді. Мұндай қадам трансшекаралық ынтымақтастықты едәуір жеңілдетеді, бизнеске бағалауда қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, нарықты инвесторлар үшін анағұрлым тартымды етеді және капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдай жасайды. Нәтижесінде нарықтың барлық қатысушылары: шағын бизнестен бастап ірі халықаралық компанияларға дейін ұтады.
- Бағалау қызметі туралы заңға өзгерістер енгізудегі басты мақсат не?
- Негізгі міндет жүйені анағұрлым заманауи және түсінікті ету. Заңға енгізілетін өзгерістер бағалаушыларға өз қызметін ЕАЭО елдерінің аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді?
- Бағалау қызметі туралы заңға енгізілетін өзгерістер бизнестің де, жеке тұлғалардың да өмірін жеңілдетеді. Жағдайды елестетіңіз: қазақстандық бағалаушы жылжымайтын мүлік объектісін кепіл немесе сату үшін бағалады. Енді бұл баға автоматты түрде ЕАЭО-ның басқа елдерінде танылатын болады. Мысалы, Арменияда немесе Ресейде. Яғни, бір баға - бүкіл Одақ үшін бір нәтиже. Бұл шығындарды азайтып қана қоймай, бизнес-процестерді жылдам және болжамды етеді.
ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау бойынша Қызметтердің бірыңғай нарығының ашылуына байланысты Заң «Қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі қызмет» деген жаңа тараумен толықтырылды. Бұл тарауда қазақстандық бағалаушылардың, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер бағалаушыларының және тиісінше бағалаушылар палатасының міндеттері мен жауапкершілігі регламенттелген.
Бұл өзгерістер біздің бағалаушыларымызға және бейрезидент бағалаушыларға өз қызметін Одақ аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Заңға енгізілетін түзетулер ішкі нарыққа қалай әсер етеді?
Әрбір бағалаушылар палатасы тағылымдамалар мен тұрақты оқыту жүйесін енгізетін болады. Бұл жас мамандарға нарық талаптарына тез бейімделуге, ал тәжірибелі мамандарға ұлттық бағалау стандарттарына сәйкес білімдерін үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ұсынылып отырған өзгерістер қызмет көрсету сапасын арттыруды да білдіреді. Нәтижесінде, бұл жылжымайтын мүліктің, кредит беру мен инвестициялардың неғұрлым тұрақты нарығына негіз болады.
- Бағалаушылардың өздері өзгерістерге қалай қарайды?
- Жалпы жақсы қабылдады. ЕАЭО аясында бағалау қызметін жүзеге асыру бөлігіндегі өзгерістер қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді.
- Бұл өзгерістер Қазақстанға инвестицияларға қалай әсер етеді?
- Кез келген инвестор үшін ашықтық, болжамдылық және активтерді бағалау жүйесіне деген сенім маңызды, өйткені есеп айырысу дәлдігі, мәмілелердің негізділігі және тәуекелдерді азайту осыған байланысты.
Бағалау қызметі туралы заңнамадағы өзгерістер Қазақстанның сенімді юрисдикция ретіндегі имиджін нығайтады, онда заңдар ашық жұмыс істейді, мамандар құзыретті, ал бағалау жүйесі халықаралық талаптарға жауап береді. Осының бәрі экономикаға деген сенімді арттырады және ұзақ мерзімді капиталды тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мүлікті бағалау бойынша ҚБН енгізу жөніндегі Заң жобасын қабылдау қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді.
Сондай-ақ, Заң жобасы қолданыстағы нормаларды жетілдіруді, артық талаптар мен қайшылықтарды жоюды көздейді, бұл бағалау қызметі туралы ҚР заңнамасын жақсартуға және саланы неғұрлым тиімді реттеуге алып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1171599?lang=kk