Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
10.03.2026 10:11:27 196
2026 жылғы 10 наурыздан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Ілияс Абайұлы Шадибеков тағайындалды.
Ілияс Шадибеков, 1991 жылы туған. Білімі жоғары, Халықаралық бизнес университетін экономика және бизнес, Алматы университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысының Полиция департаментінде қызметкер болып бастап, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177315?lang=kk