Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
10.03.2026 17:02:21 184
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұжымның нәзік жандарын құттықтауға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Жұмыс алдында ұжымның ер азаматтары әріптес - әйелдерді ғимаратқа кіреберісте жылы әрі салтанатты түрде қарсы алды. Мерекелік көңіл күйді әуен, гүлдер мен естелік сыйлықтар айшықтай түсті.
Департамент басшылығы өз құттықтауында арулардың қоғамдағы және мемлекеттік қызметтегі рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс сөздер айтылды. Құттықтауға ұжымдағы ер-азаматтар да қосылып, әріптестеріне жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Қыбатты әріптестерімізді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби табыс пен көтеріңкі көңіл күй тілейміз! Шаңырақтарыңыз әрдайым жылулыққа, береке мен ынтымаққа толы болып, әр күніңіз қуаныш пен шаттық сыйласын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1177988?lang=kk