2026 жылғы 1 наурызда салық салу режимін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды

2026 жылғы 1 наурызда салық салу режимін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды

10.03.2026 17:53:01 234

Кәсіпкерлер алдағы уақытта қай салық режимі бойынша жұмыс істейтінін түпкілікті айқындады.
1,2 млн-нан астам кәсіпкер оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін таңдады.
Бұл – шағын және орта бизнес арасында ең сұранысқа ие режим.
Оңайлатылған декларация кімдерге қолжетімді?
• Жылдық табысы 600 000 АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге).
Режимнің артықшылықтары:
Қызметкерлер санына шектеу жоқ, бұл жұмыспен қамтуды заңдастыруға ықпал етеді;
Бірыңғай КТС/ЖТС мөлшерлемесі – 4% (мәслихаттар мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендетуге немесе арттыруға құқылы);
ҚҚС-тан босату;
Декларация тапсыру және салық төлеу жылына 2 рет жүзеге асырылады.
Бұл шарттар бизнесті жүргізуді жеңіл әрі болжамды етеді.
346 мың азамат өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы режимді қолданады, оның ішінде 265 мыңы – жаңа қатысушылар.
Бұл 265 мың адамның “көлеңкелі” жұмыспен қамтудан шығып, ресми түрде жұмыс істей бастағанын білдіреді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді кімдер қолдана алады?
• Ай сайынғы табысы 300 АЕК-ке дейін (шамамен 1,3 млн теңге);
• Жалдамалы жұмыскерлері жоқ;
• ДК ретінде тіркелмеген;
• Рұқсат етілген қызмет түрлерін (40 түрі) жүзеге асыратын;
• Бұрын патент немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген ҚР азаматтары және қандастар.
Артықшылықтары:
ДК ретінде тіркелу талап етілмейді;
ЖТС-тан босатылады;
Табыстың 4%-ы мөлшеріндегі бірыңғай әлеуметтік төлем төленеді, оған зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар кіреді.
Бұл режим ресми түрде жұмыс істеуге, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және әлеуметтік қорғау алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1178084?lang=kk