Қазақстан мен Иордания тікелей әуе қатынасын ашу перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Иордания тікелей әуе қатынасын ашу перспективаларын талқылады

11.03.2026 08:02:10 247

Амман, 2026 жылғы 10 наурыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Көлік министрі Нидал Мурди Абдулла Катаминмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар көлік-логистика саласындағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын дамыту мәселелерін және екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, әріптестікті әрі қарай нығайтуға өзара мүдделілікті растады.

Қазақстан мен Иордания арасында әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтаумен қатар, жоғары деңгейінде бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің, оның ішінде Орталық Азия мен Таяу Шығыс арасындағы халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатында салалық ведомстволар желісі бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1178176?lang=kk