Көлік салығын қалай есептеп, төлеуге болады
11.03.2026 09:31:22 228
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 566-бабына сәйкес, көлік құралдарына салынатын салықты салық төлеуші өз бетінше есептейді.
Салық сомасын келесі тәсілдер арқылы есептеуге болады:
- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Көлік салығын есептеу» электрондық сервисі арқылы;
- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Калькуляторлар» бөлімінде.
Есептеу үшін келесі мәліметтерді көрсету қажет:
- салық есептелетін жыл – 2025 жыл;
- көлік құралын нақты иеленген айлар саны;
- көлік құралының түрі;
- қозғалтқыш көлемі.
Салық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне және көлік құралы қозғалтқышының көлеміне байланысты белгіленеді.
Бұл ретте салықты есептеу кезінде тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы қолданыстағы АЕК мөлшері қолданылады.
Мысалы, 2025 жылға арналған көлік салығын есептеу үшін 1 АЕК – 3 932 теңге мөлшерінде алынады.
Көлік құралдарына салынатын салық жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төленеді.
Банктер немесе банкоматтар арқылы төлем жасаған кезде келесі деректемелерді көрсету қажет:
- бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 104402;
- төлем мақсатының коды (ТМК) – 911;
- өсімпұл үшін ТМК – 912.
Салықты төлеу үшін көлік құралының VIN-кодын білу қажет. VIN-код – көлік құралының 17 таңбадан тұратын бірегей нөмірі. Ол көлік құралының техникалық паспортында көрсетіледі:
- жеңіл автомобильдер үшін – бұл кузов нөмірі;
- жүк автомобильдері үшін – шасси нөмірі.
Көлік құралы болмаған жағдайда (ұрлану немесе басқа да себептер бойынша) иесі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына осы фактіні растайтын уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтерін ұсынуы қажет.
Жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі – 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмей.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті екенін еске салады және салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1178262?lang=kk