Қазақ әндерін орындап, Қазнетті тәнті еткен португалиялық әнші Ақмола облысына келді
11.03.2026 11:13:21 247
Қазақ әндерін орындауы арқылы Қазақстанда танымал болған португалиялық әнші Лара Алейшо Ақмола облысына келді. Оның орындауындағы бейнеролик бұған дейін Қазнетте кеңінен тарап, әлеуметтік желі қолданушыларының үлкен қызығушылығын тудырған болатын.
Сапар аясында әнші Көкшетау қаласына келіп, көрермендер алдында өнер көрсетті. Сонымен қатар, өңірдің туристік көрікті жерлерімен танысты. Ол Бурабай курортына барып, Мультимедиялық интерактивті кешенді тамашалады. Мұнда Қазақстанның тарихы, табиғаты мен мәдениеті туралы жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Лара Алейшоның айтуынша, бұл сапар оған ерекше әсер қалдырған. Әнші Ақмола облысының әсем табиғатын және жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын ерекше атап өтті.
Өнер иесі алдағы уақытта да қазақ тілін үйреніп, қазақ әндерін орындауды жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Осылайша ол еліміздің мәдениетімен тереңірек танысуды мақсат етеді.
Португалиялық әншінің бұл сапары қазақ мәдениеті мен музыкасының әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың жүрегінен орын тауып жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1178435?lang=kk