Биыл аймақта 520 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

Биыл аймақта 520 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

11.03.2026 13:02:44 304

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аймақта 2025 жылы жоспар бойынша 500 мың шаршы баспана салу жоспарланған болса, жыл қорытындысы бойынша 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді (5 420 пәтер). Жоспар артығымен орындалды. Ал биыл 520 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

“Заманауи сапалы тұрғын үйлер тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар алғашқы рет аудан орталықтарында да салынуда. Бұл өңірлердегі тұрғындардың өмір сүруі мен жұмыс істеуі деңгейін арттырады”, - деді Құмар Ақсақалов.

2025 жылы үйге мұқтаж адамдар үшін 7,6 млрд теңгеге жалға берілетін 548 пәтер сатып алынды. 

Баспананың қол жетімділігін арттыру үшін кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

2025 жылы 12,1 млрд теңгеге бағалы қағаздарды шығару есебінен ауданы 67,5 мың шаршы метр болатын 18 көппәтерлі үй пайдалануға берілді.

«Отбасы банкі» акционерлік қоғамы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2% және 5% жеңілдікпен 1046 займ берілді, «Наурыз» бағдарламасы бойынша 736 займ берілді. Займдардың жалпы сомасы - 30,7 млрд теңге.

Кезекте тұрған адамдарды қосымша қолдау үшін 2025 жылдың қараша айында «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамымен жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығымен өткізу туралы келісім жасасылды.

“Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қостанай жастары» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде шамамен 5 млрд теңге сомасына 344 займ берілді. Ағымдағы жылы тағы 1,8 млрд теңгеге займ беріледі”, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Облыс әкімі биыл 34 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланғанын жеткізді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1178574?lang=kk