Қонаевта референдум ақсақалдың батасынан басталды
15.03.2026 08:24:49 225
Базарбай Оралбаев – Қонаевтағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ол қаланың коммуналдық саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. 2022 жылы құрметті зейнетке шығып, 2024 жылдан бастап кеңес төрағасы қызметіне кіріскен.
Қария ел болашағының жарқын, тәуелсіздіктің мәңгілік болуын тілеп, сайлау учаскесіне жиналған жұртшылыққа батасын берді.
Сондай-ақ ол алғаш боп дауыс беріп, сайлау учаскесінің төрағасы ақсақалға сый-сияпат табыстады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181282?lang=kk