Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді
15.03.2026 08:44:00 238
Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет етіп, кейіннен ауыл кеңесінің депутаты болған Амангелді Беспаев ақсақал Шеңгелді ауылындағы №956 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Ол құрметті зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстан алыстамай, қазірде ҚХА жанындағы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, ел үшін еңбек етуде.
«Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Біз, аға буын өкілдері, әрдайым елдің тағдырына бейжай қараған емеспіз. Сондықтан республикалық референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуды армандады. Бүгін сол тәуелсіздіктің қадірін түсініп, мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – әр азаматтың парызы деп ойлаймын», - деді ол сұқбатында.
Шеңгелді ауылдық округі бойынша 6 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың саны – 5300-ге жуық.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181288?lang=kk