Байсерке ауылында референдум этно-брейк форматында өтіп жатыр

Байсерке ауылында референдум этно-брейк форматында өтіп жатыр

15.03.2026 09:35:22 204

Байсерке ауылында референдум этно-брейк форматында өтіп жатыр Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №12 мектепте орналасқан референдум учаскесінде дауыс беру ерекше форматта ұйымдастырылды.

№361 референдум учаскесінде дауыс беру этно-брейк мәдени бағдарламасымен қатар өткізіліп, тұрғындарға ұлттық мәдениеттің элементтері ұсынылды. Бұл бастама азаматтардың референдумға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық дәстүрді насихаттауға бағытталған.

Іс-шара барысында учаскеге келген тұрғындар өз таңдауларын жасап қана қоймай, этно-брейк өнерін тамашалап, ұлттық мәдениетпен танысуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ерекше формат тұрғындардың сайлау процесіне қатысу белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ол қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.

Учаскеге келген ауыл тұрғындары да бұл бастаманы қолдап, дауыс беру процесіне белсенді қатысып жатыр.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181323?lang=kk