Кегенде референдум күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Кегенде референдум күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды

15.03.2026 15:50:37 144

Бүгін Ө.Жаңабаев орта мектебі №558 референдум учаскесінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге жергілікті шаруалар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Мұнда табиғи әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Тұрғындар сүт өнімдерін, ет, бал және басқа да азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңкенің басты мақсаты- жергілікті шаруаларды қолдау, тұрғындарды табиғи әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлеріне өз өнімдерін халыққа ұсынуға мүмкіндік жасалды. Шара барысында ауыл тұрғындары бір-бірімен пікір алмасып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты. Мұндай жәрмеңкелер ауылдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға да өз үлесін қосады. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181449?lang=kk