Внук Жамбыла Жабаева проголосовал на референдуме
15.03.2026 15:51:19 123
Жамбыл ауылының тұрғындары референдумды ел болашағы үшін аса маңызды әрі жауапты қадам деп қабылдады.
Таңсәріден бастап дауыс берушілер сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Жамбыл ауылы – тарихы терең, киелі мекендердің бірі. Бұл қасиетті топырақтан елге танымал көптеген тұлға түлеп ұшқан.
Ауылдың рухани мәртебесін арттырып тұрған орындардың бірі – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам арнайы келіп, тағылымды тарихқа үңіледі. Сондықтан Жамбыл ауылында өткенге тағзым, дәстүрге құрмет ерекше сезіледі.
Алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келгендердің қатарында Жамбыл Жабаевтың шөбересі, Халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың ұлы Мұратхан Жамбылов та болды. Ол сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы дәстүрлі киіммен келіп, көпшілік назарын аударды.
– "Мен референдумға мерекеге келгендей әсер алдым. Бұл күн еліміздің тарихындағы маңызды беттердің бірі болып қалатынына сенемін. Менің жерлестеріміз әрдайым белсенділігімен ерекшеленеді", – деді ол.
Жамбыл ауылының тұрғындары ел тағдырына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп, референдум күні бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181396?lang=kk