Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған
15.03.2026 15:51:30 269
Өңіріміздегі барлық референдум учаскелерінде әрбір азаматтың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына бар жағдай жасалған. Әсіресе учаскеге келіп, дауыс беруге мүмкіндігі болмаған жандарға ерекше көңіл бөлінуде.
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ержан Ділдәнұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, егде жастағы адамдарға және денсаулық жағдайына байланысты өздігінен дауыс бере алмайтын азаматтарға заң аясында көмек көрсетіледі. «Кейбір азаматтар денсаулығына немесе жасына байланысты бюллетеньді өздігінен толтыра алмай жатады.
Мұндай жағдайда олар өздері сенім білдірген адамның көмегіне жүгіне алады. Бұл үрдіс заң талаптарына сай ашық түрде жүзеге асырылады», – дейді Ержан Ділданұлы. Басқарма өкілінің айтуынша, әрбір учаскеде дауыс беруге қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілген.
Атап айтқанда, пандустар орнатылып, егде жастағы азаматтардың ғимаратқа кедергісіз кіріп-шығуына бар мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар комиссия мүшелері дауыс беру тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы референдум учаскелерінде әрбір азаматтың дауыс беру құқығын толық жүзеге асыруы үшін ұйымдастыру шаралары ойдағыдай жүзеге асырылып, көмекке мұқтаж адамдарға заң талаптарына сәйкес қолдау көрсетілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181360?lang=kk