Өмірқұл Айниязов Талғарда өз таңдауын жасады

Өмірқұл Айниязов Талғарда өз таңдауын жасады

15.03.2026 15:51:35 271

Өмірқұл Айниязов халқымыздың дәстүрлі ән өнерін эстрада бағытымен шебер үйлестіріп жүрген белгілі әнші. Сонымен бірге қоғамдық-саяси өмірде де белсенді, ешқашан сайлаудан, басқа да саяси науқандардан шет қалған емес. Бүгін де ол Талғар ауданындағы №833 референдум учачкесіне келіп, дауыс берді.

– "Өнер адамдары қоғамдық өмірде де белсенді болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, көп адамдар, әсіресе жастар сондай жандарға еліктейді, соларға қарап бой түзейді. Сондықтан, конституциялық құқымызды пайдаланып, еліміздің ертеңі үшін дауыс беріп жатсақ, бұл да жастарға, айналамыздағы басқа да қоғам мүшелеріне үлгі болатыны сөзсіз", – деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181331?lang=kk