Ташкентте өткен салық органдарының форумында Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикамен күресу тәжірибесін ұсынды

Ташкентте өткен салық органдарының форумында Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикамен күресу тәжірибесін ұсынды

16.03.2026 14:14:42 186

       12–13 наурыз күндері Ташкент қаласында Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінің салық органдары басшыларының III форумы өтті. Форумның негізгі тақырыбы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселелері болды.

      Іс-шара Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті бірлесіп ұйымдастырды.

      Форум аясында Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов қатысты. Ол өз баяндамасында Қазақстанның көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі тәжірибесі туралы жан-жақты баяндады.

      Сеилжан Ахметов бұл бағыттағы негізгі құралдар ретінде салықтық әкімшілендіруді кең ауқымды цифрландыруды және адал салық төлеушілер үшін барынша қолайлы әрі ашық жағдайлар жасауды атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1181748?lang=kk