Цифрлық болашақ — әркімге: балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін VR-саяхат ұйымдастырылды
16.03.2026 14:14:44 186
«Игі істер күні» аясында Цифрландыру және архивтер басқармасы Мәдениет басқармасымен бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты — балаларды озық технологиялармен таныстыру арқылы олардың әлеуметтенуіне қолдау көрсету.
Қатысушылар үшін виртуалды шындық (VR) мүмкіндіктерін паш ететін «Мейірімділік күні» атты арнайы бағдарлама дайындалды. Мамандандырылған интерактивті ойындардың көмегімен балалар виртуалды саяхат жасап, цифрлық сауаттылық негіздерін ойын форматында меңгерді. Кездесу соңында балаларға қажетті қайырымдылық көмек көрсетілді. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақ үшін жоғары технологиялар әлемінде тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1181745?lang=kk