М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ұлттық рухтан – жаңашылдыққа» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті
16.03.2026 16:31:34 178
16 наурыз – елімізде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» ретінде атап өтіледі. Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке.
Осыған орай, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ұлттық рухтан – жаңашылдыққа» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Көрме барысында жасанды интеллект көмегімен қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарының шығу тарихы, олардың ұлттық дүниетанымдағы орны туралы мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, бұл бұйымдардың бүгінгі заманмен сабақтастығы көрсетіліп, заманауи баламалары таныстырылды.
Шара барысында музей қызметкерлері көрме экспонаттары жайлы кеңінен таныстырып, ұлттық құндылықтардың маңыздылығына тоқталды.
Көрмені Талдықорған қаласындағы № 1, № 2 және № 4 мектептердің оқушылары тамашалап, ұлттық мұрамен танысып, ерекше әсер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1182255?lang=kk