Микро және шағын бизнеске салықтық жүктемені азайту. «Таза парақтан» іс-шаралары туралы
17.03.2026 10:41:04 264
Жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңінде фискалдық жүктемені төмендету мақсатында микро және шағын бизнесті қолдау мақсатында салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылданды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы санаттағы бизнеске 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салықтық әкімшілендірудің жекелеген мәселелері бойынша жеңілдіктер енгізілді.
Енгізілген қолдау шаралары:
- Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі микро және шағын бизнес субъектілеріне салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдардыесептен шығаруға мүмкіндік беретін Қағидаларды бекітті.
Егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің (негізгі қарыздың) толық сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өтесе, онда:
- толық өтеген күнге дейін есептелген өсімпұлды қоса алғанда, барлық өсімпұл есептен шығарылады;
- берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады;
- сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмау кезеңінде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық төлеу қажет.
- Оңайлатылған тарату. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі салық төлеушілердің (салық агенттерінің) таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы №654 бұйрығына өзгерістер енгізді.
Салық төлеушілер үшін қызметті жеңілдетілген тәртіппен тоқтату (2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер бойынша) камералдық бақылаусыз жүзеге асырылады.
- Егер салық төлеуші қызметті тоқтату туралы өтініш берсе, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған салық есептілігі бойынша 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін камералдық бақылау жүргізілмейді.
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған салықтық тексерулерді, қарсы салықтық тексерулерді, сондай-ақ: қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негіздері бойынша;
- прокурорлық актілер мен талаптары бойынша;
- салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау бойынша;
- касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындау бойынша;
- жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;
- салық төлеуші өзі талаптар мен өтініштері берген жағдайларда;
- салықтық тексерулердің нәтижелеріне шағымдар бойынша;
- 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен және салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда;
- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау мәселелері бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жөніндегі іс - қимылдар тоқтатылды.
- Сотқа:
- 2026 жылға дейін микро және шағын бизнес арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша;
- 2026 жылға дейін жүргізілген бизнесті тіркеу немесе қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша жүгіну тоқтатылады.
- Әкімшілік жауапкершілік.
Микро және шағын бизнес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар үшін міндетті түрде ҚҚС бойынша есепке қоймағаны үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде салықтық есептілікті тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Кәсіпкерлер өткен кезеңдер үшін тексерулерсіз бизнесті алаңсыз жүргізе алады, себебі әкімшілік және қаржылық жүктеме төмендейді, нәтижесінде аталған санаттағылар салықтық дауларға емес, бизнесті дамытуға және жаңа кезеңді «таза парақтан» бастап ағымдағы процестерді түзей алады.
Осы шаралардың негізгі мақсаты — микро және шағын бизнесті қолдау, жүргізіліп жатқан реформаларға бейімделу кезеңінде көмек көрсету.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1182762?lang=kk