Бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша кешенді шаралары және бизнеске қолдау іс-шаралары туралы кеңес өтті

Бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша кешенді шаралары және бизнеске қолдау іс-шаралары туралы кеңес өтті

17.03.2026 12:21:04 326

📌 2026 жылдың 16 наурызында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша кешенді шаралары туралы» кеңес өтті. Кеңеске облысымыздың уәкілетті органдары (Прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру, Әділет органы, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменттер өкілдері, салалық кәсіпкерлік кеңестері, кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлер), сондай-ақ Мемлекеттік кірістер Департамент (МКД) басшысының орынбасары Қ.Б. Шайдуев және Түсіндіру жұмысы және Байланыс - Орталық басқармасының басшысы Е.М. Нурмаханбетов қатысты.
💠        Кеңес барысында, МКД тарапынан: 1) микро және шағын бизнеске салықтық жүктемені азайту бойынша «таза парақтан» кешенді іс-шараларынын іске асырылуы (оның ішінде: өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару, оңайлатылған тәртіппен қызметті тоқтату, салықтық тексерулерді қысқарту, талап-арыздарды беруді тоқтату, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және камералдық бақылау) туралы; 2) Департамент тарапынан іске асырылып тұрған «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте» бизнесті көленкеден шығару бойынша серпінді жоба туралы; және 3) «Халық бухгалтері» акциясының барысы туралы баяндалды.

💠 Кеңесте бизнес субъектілерін қолдауға байланысты әр түрлі мәселелер көтеріліп, ары қарай өзекті мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыстарды атқару ұсынылды.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1182951?lang=kk