Үкімет тарапынан жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет: Олжас Бектенов жоспарды жүзеге бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды
18.03.2026 13:56:57 191
«Үкімет тарапынан «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» жаңа Конституциялық заңдардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 15 сәуірге дейін конституциялық заңдардың жобаларын әзірлеп, Үкіметке енгізуді тапсырамын»,
«Парламентте “Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы” Конституциялық заң жобасын қарауды жеделдетіп, Мемлекет басшысына наурыз айының соңына дейін қол қоюға ұсыну қажет. Президент “Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды. 7 сәуірге дейін жаңа Конституцияны ілгерілету жоспарын бекітуіміз керек. Әділет министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспар жобасын әзірлеп, 1 сәуірге дейін Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырамын. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жоспарды іске асыру бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шараларды қабылдасын»,
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1183886?lang=kk