Астанада ТХКМ дамыту, ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу және RES 2026-ға дайындық талқыланды

Астанада ТХКМ дамыту, ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу және RES 2026-ға дайындық талқыланды

18.03.2026 19:02:42 132

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия басқармасының басшысы Уильям Томпсонмен кездесуі өткізілді.

Келіссөз барысында Асан Дарбаев Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы тұрақты әріптестікті дамытудағы жәрдемі үшін Уильям Томпсонға алғыс білдіріп, мемлекеттік саясаттағы ынтымақтастықтың дәйекті түрде нығаюын атап өтті. Өткен кездесу сәтінен бастап, Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар, оның ішінде тиісті статистикалық практика және жария парасаттылық бойынша ұсынымына қосылды.

«Біз ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды мемлекеттік институттардың сапасын арттырудың және орнықты экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті Асан Дарбаев.

 Еуропалық Одақтың қолдауымен Транскаспий халықаралық көлік бағытының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жобаны қосқанда, бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Атап өткендей, маршруттың дамуы Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әлеуетті және экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстандық тарап осы ретте реформаларды тиімді іске асыруға, ЭЫДҰ-ның озық стандарттарын енгізуге жәрдемдесу үшін Қазақстанда ЭЫДҰ-ның Орталық Азия өңіріне қатысуын арттыруға болатынын атап өтті.

Институционалдық дамуға, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға және ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруға жәрдемдесуге баса назар аударатын 2026-2030 жылдарға арналған жаңа іс-қимыл жоспарын дайындауға ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта оны мемлекеттік органдардың қатысуымен талқылау процесі басталды.

Бұдан басқа, жасанды интеллект технологияларын дамыту секілді жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттырудың болашағы айқындалды. Қазақстан ЖИ-ді жауапкершілікпен енгізуге мүдделілік білдіріп, мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде ЭЫДҰ-ның тәсілдері мен қағидаттарын ескеруге ниетті.

Тараптар, сонымен қатар, Өңірлік экологиялық саммитке дайындықты талқылады (RES 2026). Уильям Томпсон ЭЫДҰ 2026 жылғы 22-23 сәуірде Астанада өтетін саммиттің ресми әріптесі екенін хабарлады. Ұйым іс-шараға дайындықты қолдап, тұрақты энергетика, көлік және инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар береді.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1184466?lang=kk