Ақтөбеде жаңа Салық кодексін енгізудің тұжырымдамалық мәселелері талқыланды
31.03.2026 17:33:52 231Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыруға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Алаңда Сенат депутаттары, Ақтөбе облысы әкімдігінің, Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің, "Атамекен" ҰКП-ның өкілдері мен өңір кәсіпкерлері кездесті.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде Салық кодексінің негізгі міндеті, тек заңдағы сандарды өзгерту емес, бизнеске қысымды болдырмайтын жұмыс механизмін құру екенін атап өтті.
"Реформаны жедел реттеу үшін шұғыл әрекет ету штабына айналған Жобалық кеңсе құрылып, қазірдің өзінде 10 отырыс өткізілді. Бизнестің 64 нақты жағдайы шешіліп, СӘАЖ іске қосу кезіндегі тәуекелдер жойылды. Консультациялық желі мен call - орталықтан бастап, SalykBot-ты қосқанда, цифрлық көмекшілерге дейін қолдау инфрақұрылымы жасалды", - деді Азамат Әмрин дөңгелек үстел барысында.
Диалог барысында күшіне енген немесе Салық кодексіне енгізуге дайындалып жатқан түзетулер пакеті айтылды. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек импорты ҚҚС-ы бойынша белгісіздік алынып тасталса, дәрі-дәрмектің шекті бағасы енді салықты есепке алмай белгіленеді. Әлеуметтік әділеттілікке ерекше назар аударылуда. Мүгедектігі бар адамдар үшін жыл ішінде топтың ауысуына қарамастан ең жоғары салық шегерімі бекітілетін "сіңіру" қағидаты енгізілуде. Сонымен қатар, энергия экспорттаушылар акциздерден босатылса, кең таралған қазбаларға ПҚӨС-тен түсетін кірістер енді өндіру орны бойынша тікелей өңірлік бюджеттерге жіберіледі.
Азамат Әмрин 2026 жылғы 1 наурызда ресми түрде аяқталған өтпелі кезең қорытындысына тоқталды. Ол жеңілдетілген декларация режимін 1,2 миллионнан астам салық төлеуші, оның ішінде қазіргі кәсіпкерлер де, жаңа салық төлеушілердің едәуір бөлігі де таңдағанын атап өтті. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимде де жоғары белсенділік көрінеді. Сонымен қатар, бизнестің едәуір бөлігі жалпыға бірдей белгіленген тәртіп шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Ол өз еркімен ауысу және таңдау шешімін жасамағандарды автоматты түрде ауыстыру есебінен толықтырылды.
Кездесуді қорытындылай келе, Азамат Әмрин жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде туындайтын бизнестің барлық мәселелері Жобалық кеңседе қаралып, "Атамекен" ҰКП-мен, кәсіпкерлермен, салық консультанттарымен бірлесе талқыланатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1190950?lang=kk