Қостанай облысының әкімдігінде қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту шеңберінде

Қостанай облысының әкімдігінде қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту шеңберінде

01.04.2026 13:11:29 343

Қостанай облысы әкімдігінде құқықтық жаппай оқыту шеңберінде қызметкерлердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментінің маманымен кездесу өтті. Шақырылған маман кірістер мен мүлік туралы декларацияларды толтыру алгоритмдерін, цифрлық активтерді, бағалы қағаздар мен басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерді көрсету тәртібін, сондай-ақ құжаттарды «E-SalykAzamat» мобильді қосымшасы арқылы тапсыру жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Міндетті декларациялау — мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етудің, қоғамның сенімін нығайтудың маңызды құралы және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Алдағы уақытта қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейін сақтау мақсатында осындай кездесулерді «тікелей диалог» форматында өткізу тәжірибесін жалғастыру жоспарлануда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1191599?lang=kk