Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды
01.04.2026 14:36:03 197
Алматы облысының Іле ауданында «Өтеген батыр Арена» спорт кешені пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған аренада футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға толық мүмкіндік бар.
Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов, әлемдік жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар мен тұрғындар қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген Ғани Айдарұлы жаңа нысанның стратегиялық маңызы зор екенін, тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалғанын атап өтті.
Спорт кешенінің жалпы аумағы – 3000 шаршы метрге жуық. Құрылыс жұмысы 8 ай бойы жүргізілген. Жеке инвестор есебінен 200 млн теңге қаржы құйылған. Қазіргі таңда 20 адам жұмыс істеуде.
Бүгінде Іле ауданында бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Мыңдаған жас тұрақты түрде спортпен шұғылданып, түрлі деңгейдегі сайыстарда жоғары нәтиже көрсетуде. Алдағы уақытта да спортшылар жаңа нысанның мүмкіндігін пайдаланып, әлемдік аренада ел мерейін асыратыны сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1191632?lang=kk