Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті
01.04.2026 18:34:30 276
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.
Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың алғашқы екі айында есірткіге қатысты тіркелген құқық бұзушылықтар саны төмендеді, сонымен бірге айналымнан алынған заттардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 есеге (220 кг-нан астам) өсті, қылмыстық схемаларға тартылған 2,3 мыңнан астам банк картасы және 703 криптоәмиян бұғатталды, 38 қылмыстық іс бойынша 371 млн теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.
Мұндай динамика профилактикалық іс-шаралар нүктелі жедел жұмыстармен бірге қылмыстық белсенділікті бейтараптандырып, есірткі таратудың ірі арналарын, соның ішінде криптовалютаны пайдаланатын арналарды бұғаттап, жақсы нәтиже беретінін көрсетеді.
2026 жылғы 2 наурызда күшіне енген «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңды іске асыру шеңберінде өңір басшысы жазалау шараларынан гөрі профилактика мен «тәуекел тобындағы» жастарға көмек көрсетуге баса назар аударылуы тиіс екенін атап өтті.
Қалалар мен аудандардың әкімдеріне үкіметтік емес ұйымдардың аталған іс-шараларға нақты қатысуын қамтамасыз ету, жастар ресурстық орталықтарының есірткі граффитиі мен интернет-жарнаманы бұғаттау жөніндегі қызметін күшейту, есірткі тұтынуға қатысты саналы иммунитетті қалыптастыру үшін қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшыларды тарту тапсырылды.
Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың күш-жігерін біріктіре отырып, қазіргі заманғы, атаулы және неғұрлым тиімді кешенді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, біз есірткі қаупіне тиімді қарсы тұра аламыз және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1192086?lang=kk