Жапонияның коммуникациялар министрі жасанды интеллект бойынша Хирошима үдерісінде Қазақстанның қатысуын қуаттады

Жапонияның коммуникациялар министрі жасанды интеллект бойынша Хирошима үдерісінде Қазақстанның қатысуын қуаттады

06.04.2026 14:23:00 277

Токио, 2026 жылғы 6 сәуір - Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның ішкі істер және коммуникациялар министрі Ёшимаса Хаяшимен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы жасанды интеллект саласындағы әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның ЖИ бойынша

Хирошима үдерісіндегі Достар тобының қызметіне қатысуын талқылады.

Елші жапон тарапын экономика мен мемлекеттік басқару жүйесінің цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған «Digital Qazaqstan» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Осы тұрғыда қазақстандық жетекші инновациялық алаңдар – «Astana Hub» технопаркі мен «Alem.ai» халықаралық орталығы базасында екіжақты цифрлық әріптестікті кеңейтуге арналған мүмкіндіктер ұсынылды.

Өз кезегінде, Ё.Хаяши  білікті кадрларды даярлауды және ұлттық тілдерде жасанды интеллекттің тілдік модельдерін дамытуды  ынтымақтастықтың басымдықтары ретінде белгілеп, жаңа технологиялар саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтіп. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 ж. желтоқсанда Жапонияға жасалған алғашқы ресми сапары шеңберінде қол қойылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша тараптардың күш-жігерін қолдады.

Бұдан басқа, Е.Баударбек-Қожатаев Жапонияның ішкі істер және коммуникациялар министрін 2026 жылғы 1-3 қазанда Астанада өтетін «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық форумға қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1194558?lang=kk