Қазақстан мен Әзербайжан одақтастықты жан-жақты нығайтып, ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға ниетті

Қазақстан мен Әзербайжан одақтастықты жан-жақты нығайтып, ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға ниетті

08.04.2026 18:15:01 91

Баку, 2026 жылғы 8 сәуір – Бакуге ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады.

Кездесу барысында Е.Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді. «Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне ең әуелі жоғары деңгейдегі сенімді диалогтың арқасында қол жеткізілді», – деп атап өтті Министр.

Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылғы наурызда Бакуге, Әзербайжан Президенті И.Әлиевтің 2025 жылғы қазанда Астанаға жасаған өзара мемлекеттік сапарлары, сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің (ЖМК) Екінші отырысының өткізілуі елдеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға жаңа серпін беріп, оларды сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етті.

«Қазақ-әзербайжан қатынастары орнықты әрі кезең-кезеңімен даму сипатына ие және айтарлықтай әлеуеті бар. Біз бауырлас Әзербайжанмен одақтастықты одан әрі жан-жақты нығайтуға және ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен толықтыруға берік ниеттіміз», – деп атап өтті Е.Көшербаев.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де талқыланды. Қазақстан мен Әзербайжанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1196410?lang=kk