Орнықты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы туралы

Орнықты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы туралы

09.04.2026 12:22:15 406

Қазақстан Республикасының бастамасымен халықаралық деңгейде маңызды тарихи шешім қабылданып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы деп жариялау туралы қарар қабылдады.
Еріктілер қозғалысын дамыту және экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында өңірде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы негізгі жаңалықтардың бірі – еріктілер арасында «Үздік экологиялық стратегиялар» конкурсының ұйымдастырылуы. Аталған конкурс жеңімпазына 1 млн теңге көлемінде грант беріледі. Марапат жыл қорытындысы бойынша салтанатты іс-шарада табысталады. Байқауға қатысушылар өз бастамаларын алдын ала әзірлеп, іріктеу және жобаларды қорғау кезеңдерінен өтеді.
Облыста қазіргі таңда 3 мыңға жуық ерікті бар, оның ішінде 2 456-сы – жастар. Волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту мақсатында 2026 жылы өңірде жалпы сомасы 19 245 мың теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылуда. Соның бірі – облыстық жастар ресурстық орталығы жүзеге асырып жатқан, құны 5 млн теңге болатын «Қостанай облысында волонтерлікті ілгерілету» жобасы.
Жалпы республика көлемінде волонтерлік қызмет соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жыл сайын Ұлттық еріктілер желісіне 60 мыңнан астам азамат тартылып, 200-ден астам адам «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығының лауреаты атанған.
Өңірлік деңгейде де волонтерлік белсенділік артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 2 211 іс-шара ұйымдастырылып, оған 22 мыңнан астам ерікті қатысты. Жалпы волонтерлік қызмет көлемі 4 800 сағаттан асты. Сонымен қатар, өңірлік фронт-офис жаңа бастамашыл жастар мен көшбасшылардың қалыптасуына мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1197131?lang=kk