ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

10.04.2026 19:09:28 149

2026 жылғы 11 сәуір күні Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Таза қала» жалпықалалық сенбілігі өтеді.

Аталған акция барысында қала аумағындағы 5 аудан бойынша тазалық жұмыстары жүргізіледі. Олар:

Абай ауданы:
•    «Шымсити» саябағы (Алатау, Абылай хан, Әбілхайыр хан көшелерінің бойы);
•    Асар шағын ауданы (Жейхун көшесінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы);
•    Ақжайық шағын ауданы (Қ. Төлеметов және Көкшетау көшелерінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы).

Әл-Фараби ауданы:
•    Сәуле шағын ауданы (Отырартөбе көшесі, Көксай-1, Көксай-2 және Көксай-3 көшелері).

Еңбекші ауданы:
•    Қапал батыр көшесі (көпір маңы);
•    Қаратөбе тас жолы;
•    Қапал батыр көшесі (ШМӨЗ баратын жол).

Қаратау ауданы:
•    Нұртас шағын ауданы (Д. Қонаев атындағы мектеп жанындағы автотұрақ).

Тұран ауданы:
•    Самал-1 шағын ауданы (Өтегенов және Алтынжол көшелерінің қиылысы).

Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғынның белсенді қатысуы туған қаламыздың көркеюіне үлес қосады.

Бірге таза, көрікті Шымкентті қалыптастырайық!

Тазалық – өзімізден басталады!

#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Шымкент #Сенбілік