«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

14.04.2026 12:06:06 292

«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Дінслам Русланұлы Әлжан қатысып, құқықтық нормаларды сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, сталкинг және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіріп өтті.