Кувейттің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті
14.04.2026 20:06:22 534Астана, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасына жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділ Ахмед Сүләйман әл-Ғұнайманмен кездесті.
Кездесу аясында Кувейт Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстап, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылды тереңдетуге бейілдігін растады.
Өз кезегінде Ә. Бақаев Елшіні жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның миссиясы Қазақстан мен Кувейттің дәстүрлі достық пен сенімге негізделген қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті арттыру, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1200864?lang=kk